МТРА жаңалықтары

Фискалды орган өкілдері заңға енгізілген өзгерістерді талқылауда

Талғат Салкеев- Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

-Өткен жылдың бірінші шілдесінен бастап онлайн режимде ақпаратты беретін бақылау-касса машиналарын алькогольдік өнім және жанар-жағармайды көтерме-бөлшектеп саудалаумен айналысатын кәсіпорындар орнатқан. Енді биылдан бастап бұл тізімге тағы да 10 түрлі бизнес субъектілері енгізіліп отыр. Олардың ақпараты бірден мемлекеттік кірістер департаментіне келіп түсетін болады. Бұдан бөлек, ендігі жерде Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірмейтін елдерден әкелінген тауарлардың міндетті түрде электрондық шот фактуралары болуы тиіс.

Жаңашылдықтарды ескермегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кездесуге қатысқан сарапшылар болса, соңғы кездері кәсіпкерлеріміздің сауаттылығы артып отыр дейді.

Лина Ермолаева- СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

-Осы жылы осымен 3-ші семинар өткізіп жатырмыз. Бизнесмендер көп қатысады. Өйткені олар осындай кездесулерде мол ақпарат алады. Сондықтан аяғын шалыс басып, айыппұл төлегісі келмейтіндер, заңдағы өзгерістерді жақсылып меңгеруде. Ал даулы мәселелер туындаған жағдайда біз кәсіпкерлерге көмекке келеміз.

Бұдан бөлек, жаңа жылдан бастап елімізге алкогольдік және мұнай тауарларын импорттағыңыз келсе, онда ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде болуы тиіс. Айта кеткен жөн, мүлікті заңдастыруға қатысты да өзгерістер енгізіліп, маңызды науқан 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылып отыр.

 

 

Магжан Ахмадина