Қоғам

Мәжіліс депутаттарының бастамасын қолдау

Басты мақсат әлемдік экономикалық дағдарысқа төтеп бере отыра мемлекеттің экономикасын дамытумен қатар, қоғамды серпіліске түсіретін жаңа құқықтық орта қалыптастыру болып табылады. Осы атқарылатын игі шаралардың негізі – Қазақстанның әлемдегі озық 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізу. Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісі депу­тат­тарының те­рең ой­ластырылған батыл қадамы жұрт­шы­лық көңілінен шығып отыр.

Таңат Сүгірбаев – «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:

-Депутаттардың мұндай ұсыныс жасауы орынды. Ал алдағы жоспарды іске асыру үшін ұлттың мүддесін қорғайтын білікті жастар қажет. Сондықтан, сайлау өткізудің уақыты келген сияқты.

Асхат Молжігітов – облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары:

-СҚО дәрігерлері сайлауды мерзімінен бұрын өткізу идеясын қолдайды. Қазір бізге тың жаңашылдықтар әкелетін, батыл қадам жасай алатын бастамшыл жас азаматтар қажет. Олар Елбасымен бірге дағдарыстан шығу шараларын құрастырып, елімізді даму жолында алға жетелер еді.

 

Магжан Ахмадина