Спорт

Петропавлда өткен жылы 15 көпсалалы хоккей қорапшалары тұрғызылды

Азат Кшуков – “Қайсар” ХК шабуылшысы:

-Хоккеймен айналысқаныма 2 жыл болды. Өзіме хоккей ұнайды. Осы уақыттың ішінде біраз жетістіктерге жеттік. Қазір “Алтын шайба” жарысына қатысып жүрміз.

Өңірімізде қысқы спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде Петропавл қаласының өзінде 30-дан аса мұз айдындары құйылған. Оның 15-і көпсалалы хоккей қорапшалары болып саналады. Яғни, спортшылар жаңа нысандарда қыста шайба қуаласа, жазба футбол, баскетбол ойнай алады.

Данияр Жолдасбаев – Петропавл қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

-2015 жылы Петропавлда облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен жабық үлгідегі екі хоккей қорапшасы тұрғызылды. Қазір ол нысандар тұрғындардың сүйікті демалыс орындарына айналған. Сондай-ақ, жерлестеріміз қаламыздағы 5 мұз айдынында коньки тебе алады. Ол үшін жалға беретін конькилердің саны жеткілікті.

Жалпы, қазір облыс аумағында 200-ден аса мұз айдыны бар.

 

 

Култанов Байболат