Денсаулық сақтау

Петропавлда Елатом құрылғылар зауытының көрмесі өтуде

Бәтима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

-“Алмаг” құрылғысы ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Сондықтан, бұл медициналық жабдықты шорбуын, хандроз, варикоз, тірек-қимыл және жүрек қантамырлары жүйесі, асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алу үшін пайдалануға болады.

Мамандардың айтуынша, қазір қақаған қыс мезгілінде ең таптырмас құрылғы – “Теплон”. Бұл медициналық жабдықтың бел мен буын ауруларына шипасы бар.

Бәтима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

-“Теплон” – кең шоғырлы. Ол инфрақызыл сәулемен және магниттік импульс арқылы әсер етеді. Аллергиялық ринитке ұшыраған жағдайда қолдануға болады.

Зауыттың соңғы өнімдерінің бірі – “Унилор-01” құрылғысын бірқатар ауруды емдеуде пайдалануға болады. Простатит ауруына шалдыққан жағдайда “Мавит” медициналық жабдығы таптырмас аппарат болып саналады. Ал “Стимэл-01” құралы бұлшық ет пен буын ауруларын емдеуде қолданылады.

Бәтима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

-Бұл құрал адам тыныс алу және тірек-қимыл жүйелері аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамырлар жүйесі сырқаттарына шалдыққанда қолданылады.

Көрме қаңтардың 18-і мен 22-сі аралығында Петропавл қаласындағы Абай көшесі, 96 мекен жайы бойынша орналасқан “Биосфера” дәріханасында таңғы сағат 11-ден кешкі сағат 19-00-ге дейін өтеді.


 

Сагыныш Маркашева