Бизнес және экономика

Биылдан бастап бірқатар кәсіпкерлер ақпаратты онлайн тәртібінде тарататын жаңа бақылау-кассалық машина орнатулары қажет

Сайран Хамзин – “СҚО рестораторлар мен отельерлер ассоциациясы” ҚБ төрағасы:

-Менің ойымша, бұндай қондырғылардың орнатылуы орынды. Бұл бірінші кезекте есепшінің жұмысын біршама жеңілдетеді. Яғни, барлық ақпарат мемлекеттік кірістер басқармасына барады. Ал бұған дейін бүкіл түбіртектер жиналып, бас есепшіге тапсырылатын. Қазір бұл істі ғаламтор желісі арқылы реттеуге болады.

Жалпы тұтынушыға тағамды мекен жай бойынша жеткізу қызметін көрсететін тамақтану нысандары өз жұмысында жаңа кассалық машинаны қолдануы керек. Әзірге, кәсіптің 10 түрі: жиһаздар дүкені, сантехникалар, құрылыс материалдары, компьютерлер, бейне, дыбыс жазбалары және тұрмыстық техника, металл бұйымдарын, су және жылу құрылғыларын саудалайтын нүктелер міндетті түрде тың қондырғыны орнатулары қажет. Сонымен қатар, бұл тізімге қонақ үйлер, кинотеатрлар, шаштараздар мен сұлулық салондары кіреді. Жалпы жоғары аталғандарға Петропавл қаласы бойынша 400-ге жуық жеке кәсіпкер мен заңды тұлғалар жатады.

Наиль Ашрапов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

-Үкімет қаулысына сәйкес биыл 1-ші қаңтардан бастап кәсіпкерлер ақпаратты тарата алатын жаңа кассалық аппарат орнатулары қажет. Егермде бизнесмен оны орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ең бірінші, ауызша ескерту жасалады, ал келесіде 30 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Жалпы жаңа кассалық аппараттың құны маркасына байланысты 75-100 мың теңге шамасында тұрады.

 

 

Риат Шони