МТРА жаңалықтары

Өңірдегі туризмді дамыту тақырыбында семинар өтті

Людмила Гривенная, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “Қазақстан халқы ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі:

-Елбасы “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында әр қазақстандықтың ел патриоты ретінде өзінің жеке-дара азаматтық идеясы болуы керектігін атап өтті. Бұл бағытта ең бірінші оқу орындары еңбектенуі шарт. Жастарды тарту керек. Сондықтан, бүгінгі семинарды өңірдегі туристік қызмет тақырыбында өткізіп отырмыз. Біз осылайша жиынға қатысушыларға облысымызды дамытып, таныта түсу бағытында бірлесіп жұмыс жасауды ұсынбақпыз.

Сондай-ақ, бүгін қонақтарға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенттері жасаған “Қонақжай Петропавл” жобасы таныстырылмақ. Бұл жұмыс “Қазақстан халқы ассамблеясы” кафедрасы жариялаған “Үздік туристік жол көрсеткіші” байқауында үздік деп танылған. Әзірше, жоба реферат түрінде. Авторлары ғаламторға енгізсек, кез келген өңір тұрғынымен қатар қала қонақтары үшін таптырмас көмекшінің рөлін атқарады деп отыр.

Элина Агафонова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Біздің жол көрсеткішімізге қала жайлы барлық ақпарат енгізілген. Кейіннен ашылған орындарды да кіргіздік. Мейрамханалар, ойын-сауық кешендері, тарихи орындар, мұражайлар барлығы дерлік қамтылған. Мұнда қаладағы кез келген ғимараттың мекен жайы, суреттері және бара қалсаңыз қанша қаражат шығындайтыныңызға дейін көрсетілген. Жобаны 6 студент, 2 айдан астам уақытта жасап шығардық.

Келесі кезекте Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Қанат Шамсутдинов аймақтағы туризмді дамыту туралы сөйледі. Бүгінде бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 2015 жылы өңірде 4 бірдей қонақ үй кешенінің құрылысы басталған. Теріскейге келушілердің назарын аударатын өзге де бірнеше демалыс орындары ашылған.

Қанат Шамсутдинов, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:

-23 Сондай-ақ, өткен жылы Айыртау ауданында демалыс аймағы, қала сыртында “Грин парк” демалыс орны, “Европа” қонақ үй және мейрамхана кешені ашылды. Ал, Қызылжар ауданындағы “Греен вуд” демалыс нысанында қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Айту керек, жиында ақпанның бірінде тағы бір сайыс – “Жас экскурсия жүргізушісі” байқауы басталатыны жайлы айтылды.

 

 

Акбопе Танирберген