Бизнес және экономика

Облыстағы екінші деңгейлі банктер мен айырбас пункттерінде 6 миллион доллар бар

Халық арасында шетелдік валютаны сату мен сатып алу көрсеткіштері алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама төмендеген, – дейді Ұлттық банктің облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырақымов.
Осы күні облыстағы екінші деңгейлі банктер мен айырбас пункттерінде 6,5 миллион доллар бар көрінеді.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

-Кейбір елдер қолма-қол шетел валютасын айырбастауға шектеулер енгізіп жатыр. Бұл біздің елде жоқ. Доллар біздің жергілікті Ұлттық Банкте де бар. Алдағы уақытта осы банктерге шетелдік валютаны бере аламыз. Соңғы кезде долларға деген сұраныс азайып отыр. 2015-ші жылды 2014 жылмен салыстырсақ, таза доллар сату 51 пайызды сақтап отыр. Ал ресейлік рублді сату керісінше, жоғарылады. Мысалға, өткен жылда 9 миллиард рубльден астам қаржы сатып алынған.

Сондай-ақ, алдағы ақпанның 1-інен ҚР ҰБ шешіміне сәйкес елімізде шетелдік валютаны сату және сатып алу айырмашылығы ұлғайтылмақ. Жомарт Қажырақымовтың пікірінше, бұл өзгеріс валюта айырбастау пунктерінің арасындағы бәсекелестікті арттырады.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

-Ұлттық Банктің шешімімен 1-ші ақпаннан маржаның көлемі өскелі тұр. Мысалы, долларға – 6 теңге, еуроға – 7 теңге. Бұл енді халыққа ыңғайлы болсын деп жасалып отырған шара. Ауыстыру орындары арасындағы бәскелестікті жоғарыталуға істеліп отыр. Бұл халыққа да айырбас пунктеріне де жақсы әсер етеді деген ойлаймын.

Қазіргі уақытта өңірде екінші деңгейлі 17 банктің филиалдары мен 123 валюта айырбастау пункттері жұмыс істеп тұр. Бүгінде облыс аумағында доллардың тапшылығы жоқ.

 

 

Бакыт Садуакасов