МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы – бақылауда

Сергей Худяков – СҚО ПИК қауымдастығының төрағасы:

-Осы жаңа заңның 4 бөлімінде қоғамдық бақылау жұмыстарына ерекше назар аударылған. Онда, әсіресе, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жіті қадағалануы керек делінген. Сондықтан, біз бүгін тұрғындармен әңгімелесіп, олардың ұсыныстарын жинаймыз, пікірлерін тыңдаймыз. Өйткені, тұрғын үй көмегін алушылар мен баспаналарды жаңғыртудан өткізу шараларына жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы жұмсалады. Сол себепті, бағытталған ақша дұрыс, ал жұмыстың сапалы орындалуы бақылауды қажет етеді.

Рашида Морозова Мир көшесі бойында орналасқан 110-үйде тұрады. Көпқабатты баспана – 2011 жылы “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасына қатысқан облыс орталығындағы алғашқы нысан. 45 пәтерлі үй сол кезде шатырын жөндеуден өткізіпті. Құрылыс жұмыстарын басынан соңына дейін тұрғындар бақылауда ұстаған.

Рашида Морозова – «Мир-2» ПИК төрайымы:

-Бағдарламаға алғашқы болып қатысқандықтан әрі жөндеу құны қымбат болғандықтан өте қобалжыдық. Біз 12 млн теңгеге шатыр жөндеттік. Жобалаушыны да, құрылыс компаниясын да өзіміз таңдадық. Күн сайын тұрғындар жөндеу жұмыстарының орындалуын көріп, сапасын тексеріп жүрді. Сондықтан, бізде проблема болған жоқ. Бәрі ойдағыдай өтті. Ал кейбір жаңғырту шараларын тексермеген үйлерде кемшіліктер орын алып жатты. Оны естідік.

Жалпы “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы” бағдарламасы өңірде жүзеге асырылғалы бері 150 баспана жөндеуден өткен.

 

Магжан Ахмадина