МТРА жаңалықтары

Елімізде мемлекеттік сот орындаушыларының саны 60%-ға қысқартылмақ

Совет Какишев – СҚО жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы филиалының төрағасы:

-Біз заңға енгізілген жаңартуларға сай жұмыс жасауға дайынбыз. Жеке сот орындаушыларына енді жауапкершілік тіптен арта түсті. Бірақ, өкініштісі, облысымыздың барлық ауданы жеке сот орындаушыларымен қамтылмаған. Жалпы, бүгінде бізде өндірісте түрлі деңгейдегі 14 мыңнан астам әкімшілік іс бар. Айта кеткен жөн, қысқартуға іліккен мемлекеттік сот орындаушылары енді лицензия алып, жеке сот орындаушысы болып қызмет етсе болады.

Ал мемлекеттік сот орындаушылары енді тек жалақы мен алиментті өндіріп алу ісімен ғана айналысады. Бүгінде олардың қарауында атқарылмаған 60 мыңнан астам іс жатыр.

Анар Қарабалинова – СҚО әділет департаменті жеке тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі бөлім басшысы:

-2016-шы жылы мемлекеттік сот орындаушылары департаментте жатқан барлық істі қарап, орындаулары тиіс. Жалпы бізде жыл соңына дейін тек әлеуметтік маңызы бар санаттағы істер ғана қалады деп жоспарланған.

Бүгінде облысымызда 77 мемлекеттік сот орындаушысы қызмет етуде.

 

 

Айгерим Ержанова