МТРА жаңалықтары

Ақша мен мүлікті заңдастыруға өзгертулер енгізілді

Юрий Белокопытов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

-Енді ақшаны екі жолмен заңдастыруға болады. Біріншісі, қаражатты есеп шотта көрсетіп, оны 10 пайыздық ақысын өтемей-ақ бизнеске немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға жұмсауға болады. Ал екінші жолы ол ақшаны есеп шотта көрсетпей-ақ заңдастырып, 10-пайыздық ақысын өтеу арқылы жүзеге асады. Екі жағдайда да жария етуші субъект мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларация тапсыруы қажет.

Қазіргі таңда аталмыш науқан басталғалы бері жергілікті атқару органдарымен қалада сомасы 2 млрд 667 млн теңгеден асатын 274 нысан заңдастырылған. Сонымен қатар шет елдегі мүлікті жария етуге байланысты 454 өтініш келіп түсіпті.

Юрий Белокопытов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

-Бұдан былай ел аумағындағы мүлікті заңдастыру үшін тиісті құжаттар болса бұрынғыдай мемлекеттік кірістер басқармасындағы арнайы комиссияға емес, тура фискалды органның өзіне жолығып, тапсыру керек. Бұның шет мемлекеттегі мүліктерге де қатысы бар. Ал егер де тек ел аумағындағы жылжымайтын мүлік бойынша тиісті декларациялар болмаса онда жергілікті жердегі әкімдік жанындағы комиссияға жүгінуге болады.

Жалпы мүлікті заңдастыруға қатысты сауалдары туындаған шаһар тұрғындары Мир көшесі 85 мекен жайы бойынша орналасқан Мемлекеттік кірістер басқармасына барып немесе 36-07-65 нөміріне қоңырау шалу арқылы кеңес ала алады.

 

 

Риат Шони