Қоғам

Петропавлда Крещение мейрамына әзірлік жүруде

Петропавлда бұл мақсатта Есіл өзеніндегі қалалық жағажайда 4 ойық және өзен порты аумағында 2 орын әзірленбек. Проваславие сеніміндегілердің бұл күні мұздай суға алаңсыз шомылып, діни дәстүрді орындауы үшін қалалық әкімдіктің тарапынан барлық жағдай жасалуда.

Елена Балло, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Бұрын мереке күні К.Сүтішев, Интернационал, көшелері мен Ойқала шағын ауданында үлкен кептеліс орын алатын. Сондықтан, мұндай келеңсіздік болмас үшін барлық суға түсушілер тек Есіл өзеніндегі қалалық жағажайға бармай, өзен порты аумағына да келе алады. Тұрғындардың ыңғайына қарай бір күнге автобустардың бағытын өзгертеміз. 19 қаңтарда 2, 6, 21 бағыттағы қоғамдық көліктер қалалық жағажайға, ал, 25-ші және 24-ші бағыттар речпортқа дейін барады. Аралық айырмашылығы 20 минут болмақ.

19 қаңтар күні суға түсішулер үшін белгіленген орындарда киім ауыстыруға арналған күрке, ыстық шәй мен ас-ауқат беру ұйымдастырылады. Ол үшін жылжымалы асхана да әкелінбек. Сондай-ақ, бұл күні діни рәсімдер орындалып, барлық су атаулы ерекше қасиетке ие болады екен.

Протоиерей Сергий, әулие Петр мен Павел апостолдар соборының жетекшісі:


– Бұл күні қалалықтар суды ыдысқа құйып алып, үйін, өсімдіктері мен жан-жануарларын аластайды. Жыл бойына сақтап та қояды. Себебі, бұл күні ғажайып орын алады. Қарапайым су ерекше қасиетке ие болады.

Қалалық әкімдіктегілердің сөзінше өзен порты аумағы суға түсушілер үшін қауіпсіз. Мұнда мұздың қалыңдығы – 40 см, судан алынға сынама көрсеткіші де талапқа сай. Діни рәсім орындалатын күні таңнан кешке дейін құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі кезекшілік атқарады.

Акбопе Танирберген