Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық әкімдікте кәсіпкерлік пен туризм салаларын дамытуға бағытталған жұмыстар қорытындыланды

Мұхтар Манкеев – облыс әкімінің орынбасары:

– Облыс аумағында 34 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Осы салада әрбір бесінші солтүстікқазақстандық жұмыс істейді. Қазіргі экономикалық қиындықтарға қарамастан, мемлекет отандық бизнесті барынша қолдауда. Қаржылық қиындықтарға тап болған кәсіпорындардың несиелік қарыздары қаралып, биыл төрт жарым мыңнан артық жұмыс орны сақталады және қосымша мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Бүгінде “Бизнестің жол картасы”, “Өндіріс” бағдарламалары аясында жыл сайын мемлекет қазынасынан аймақтарға қыруар қаражат бөлінуде. Былтыр өңірде “Индустриаландыру картасы” аясында іске қосылған ірі жобалар экономикалық тұрғыдан тиімділігін көрсетіп, нәтижесінде ел қазынасына 24,7 млрд теңге кіріс түсірген. Оған қоса былтыр облыста алғаш рет жүк вагондарын жасау, құрғақ бетон қоспасын құю, жер қойнауынан алтын алу сынды бірнеше жаңа өндіріс түрлері меңгерілді.
СҚО-сы – табиғаты көркем өңірлердің бірі. Сондықтан, біз туристік әлеуетімізді барынша тиімді пайдалануға тиістіміз. Биыл осы бағытта атқарылар шаруа жетерлік.

Мұхтар Манкееев:


– Биыл Айыртау, Қызылжар аудандарында 4 демалыс орны ашылады. Сондай-ақ, облыс орталығындағы төрт қонақ үйдің құрылысы аяқталады. Туристік операторларға ауқымды көрме ұйымдастырылмақ. Биыл өңірімізге келетін туристердің санын жетпіс мыңға дейін жеткізіп, 1,8 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде. Ал келген маймандарға көрсетілген қызмет түрлерінен 510 млн теңге табыс табу жоспарда бар. Біз бұл салаға да бизнесмендерді барынша тарту керекпіз.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Планы очен хорошие. Их надо реализовать. Здесь показано цифра 370 миллиардов. У нас же 224 миллиарда. Это же двухкратное увилечение. Это большой объем. Поэтому надо всем работать засучив рукава.

Жиын барысында жерлестеріміз жергілікті биліктегілерге ұсыныс-тілектерін айтты.
Бірі тың өніріс орындарын ашу керек деді. Кейбірі аутизм дертіне шалдыққан, сөйлеу қабілеті нашар балаларға арнап психологиялық-педагогикалық орталық ашу жөнінде ұсыныс тастады. Мұны облыс әкімі құптап, мәселенің 2 ай көлемінде шешілетіндігін айтты.

Келешекте орталық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында салынуы мүмкін.
Бұдан соң облыстық әкімдік, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ы филиалы және жергілікті екінші деңгейлі банктер арасында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

 

Артынша, “2015 жылдың үздік кәсіпкері” өңірлік байқауының қорытындысы жарияланып, салтанатты жиын барысында үздік бизнес иелері облыс әкімінің қолынан Алғыс хат алды. Марапатталғандардың арасында ең жас кәсіпкерлер, қызмет көрсету саласы мен зауыт басшылары бар.

Бұл марапат жерлестерімізді бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратыны сөзсіз.

Берік Қасен