Білім

Өңір педагогтары мен студенттер Елбасы Жолдауын талқылады

Президент тапсырмасы бойынша елімізде 2017-ші жылдан “Баршаға арналған кәсіби-техникалық білім” бағдарламасы іске қосылмақ. Жұмысшы кадрларды даярлауға арналған жоба орта арнайы оқу орнындағы техникалық мамандыққа деген сұранысты арттырады дейді педагогтар.

Асылжан Нұрахметова – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің тарих пәнінің оқытушысы:

 


– Қазақстан халқына Жолдауында елімізді бүгінгі күрделі жағдайдан ауыр салдарсыз алып шығып қана қоймай әрі қарай дамытуға байланысты нақты бағдарламаларды қандай мерзімде және қалай орындаудың тетіктері көрсетілген. Осы орайда Елбасы ел болашағы болып табылатын жастардың болашағына ерекше назар аударып, қазірден бастап талмай еңбек ету керектігін баса айтты. 2017 жылдан бастап елімізде білім алу үшін тегін білім берілетіндігі айтылды.

Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасымен осы жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы бірнеше пайызға жоғарылап отыр. Бүгінгі жастар экономика үшін қиын-қыстау кезеңінде әлеуметтік қолдау шаралары дер кезінде қабылданған дейді. Сол себепті, өздерінің білімді-білікті маман иесі атанып, ел игілігі үшін қызмет етудің маңызын жақсы түсінуде.

Алина Кенжетаева – студент:


– Әлем үшін қиын дағдарыс кезеңінде шәкіртақының көтерілгенін сезініп жүрміз. Бұл жастарға мемлекет тарапынан берілген көмек деп есептеймін.

Бүгінгі таңда М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде педагогикалық және техникалық мамандық бойынша мың жарымнан аса студент білім алуда.

 

Бакыт Садуакасов