Білім

Қазақстанда Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында желілік олимпиада өтті

Білім сайысына өзге НЗМ-нен келген 10-ға жуық өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін жетік меңгергені де Юлия болып шықты. Өз білімінің арқасында қарсыластырын шаң қаптырып, барлық тапсырманы жаңғақша шаққан ол 1-ші орынды жеңіп алды. Петропавлдан келген орыс ұлтының қызы қазылар алқасын таң қалдырған көрінеді.

Юлия Лагуткина, Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

– САйыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші мәтінді талдадық. Екіншісі шығарма болды. Нәтижесінде ең жоғары 50 ұпайды алдым.

Ал, Дана Жұпарбек қазақ тілі және әдебиеті пәнінен бар білімін көрсетіп, үздік үштікті түйіндеген. Оған 16 студент бәсекелестік танытыпты. Берілген тапсырмалар өте күрделі болды дейді бойжеткен.

Дана Жұпарбек, Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

– Шымкент, Қызылордадан келген қатысушылар үлкен бақталастық танытты. Ештеңеге қарамастан жақсы нәтиже көрсеттік.

Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен желілік олимпиадаға Петропавлдағы аталмыш білім ордасынан 14 студент қатысқан. Олардың 5-уі бірдей жүлделі орындарды қанжығалап келді. Бұл – ашылғанына нәбары 4 айдан асқан оқу ошағы үшін үлкен жетістік.

Данияр Уәлиев, Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының бейінді эксперименталдық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

 

– Біздің мектеп жаңа ашылғанына қарамастан 14 баланы дайындап апарды. 5 баламыз жүлделі орындарға ілікті.

Қазір жүлделі орындардан көрінген студенттер ақпан айының басында өтетін республикалық пәнаралық олимпиадаға қызу дайындық жүргізуде.

Акбопе Танирберген