Қоғам

Петропавлдық Татьяна Култышева 34 жасында 12-рет ана атанды

Юлия Елькина – облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинеколог дәрігері:

– Қазір бала мен ананың жағдайы бірқалыпты. Татьяна жарады. 12 рет босану – бүгінде сирек кездесетін жағдай. Мұндай оқиға менің тәжірибемде болған емес. Жас ана бізге әлі тағы келеді деп үміттенемін. Біз оны қуана-қуана күтеміз.

Кішкентай Данил мен Татьянаны перзентханадан шығарып алу үшін отбасы түгелімен жиналған. Олардың барлығы бірге шағын автобуспен келіпті.

Павел Култышев – көпбалалы әке:

– Мен – өте бақытты әкемін. Менің 12 балам бар. Барлығына да осындай байлық тілеймін.

«Алтын алқа» иегері Татьяна Култышева тұңғышын 20 жасында туған. Бүгінде үлкені – 14 жасқа толыпты.

Татьяна Култышева – «Алтын алқа» белгісінің иегері:

 

– Құдайға шүкір, 12-ші баламыз аман-есен дүниеге келді. Біз бәріне де қуаныштымыз. Барлығын бірдей жақсы көреміз. Өсіреміз. Бұйыртса тағы да сәбилі болармыз. Баланы өмірге әкелу – бұл әрбір әйелдің бақыты ғой.

12 баланы дүниеге әкелген Татьяна Култышеваның жасы 34-те. Бүгінде батыр ана әрқайсысына ай сайын жәрдемақы алады.

Айгерим Ержанова