МТРА жаңалықтары

Елімізде 1-ші қаңтардан кәсіпкерлік кодекс қолданысқа енгізілді

Қазіргідей әлемдік экономикалық қиындықтар кезеңінде бизнесмендерді қолдау ауадай қажет. Сондықтан, жаңа кодекс өзіне 11 заңнамалық актіні біріктірген. Тұтастай алғанда, құжат жобасына бизнесті реттейтін функционалды заңнамалар шоғырландырылды.

Марат Әжібаев – СҚО прокуратурасының 1-ші басқармасының аға покуроры:

– Олардың ішінде мемлекеттік қадағалау және бақылау заңдары, ауыл шаруашылығы, крестьяндық-фермерлік шаруашылықтар туралы және бәсекелестік туралы заңнамалар кіргізілген. Сонымен бірге кодексте кәсіпкерлік субъектісі мен мемлекеттің өзара әрекеттсу сұрақтарына арналған жеке тарау қарастырылған.

Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерліктің салалық түрі бұрынғысынша арнайы заңнамалармен реттелетін болады. Жаңа кодекс 7 бөлімнен, 31 тараудан, 324 баптан тұрады.

Марат Әжібаев – СҚО прокуратурасының 1-ші басқармасының аға покуроры:

– Бірінші рет антимонополиялық заңнамаға «хабарлама институты» және «картель» түсініктері енгізілген. Ол аумақтық белгі бойынша тұлғадан тауарларды қайтадан сатып алуға шектеу салынады.

Осылайша, жаңа кодекс бизнес субъектілерінің бәсекелестігін арттыруға септесіп, бизнес-омбудсмендер институтын нығайтады. Тағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін жетілдіруге септеспек.

Магжан Ахмадина