Қоғам

Бүгін өңірде “Үлкен ел – үлкен отбасы” жобасы бастау алды

Осыдан-ақ, Қазақстанның бірлігі мен татулығы жарасқан мемлекет екендігін аңғаруға болады. Бұдан кейін республикалық акция салтанатты түрде ашық деп жарияланды.

Осыдан соң облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов сөз алып, аталмыш жобаның маңыздылығына тоқталды. Ол шара аясында өңір аумағында атқарылатын жұмыстарды да тілге тиек етті.

Наиль Салимов – Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– Үлкен ел – үлкен отбасы” жобасы әр қазақстандық үшін маңызды. Ел тұрғындары Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуге бір кісідей ат салысуы керек. Сол себепті, баршаңызды бұл іске үлес қосуларыңызға шақырамын. Жалпы өңірімізде биыл 3 мыңнан аса іс-шара өтеді деп жоспарлануда.

Мерекелік шарада, сондай-ақ, өңірдің дамуына, елдегі татулықты нығайтуға үлес қосқан бірқатар азаматтар марапаталды.

Таңат Сүгірбаев – “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:

– Бұл акцияның маңызы мәні халық үшін өте зор. Олай дейтінім кеше ғана біз Тәуелсіздік алған сәттен 25 жыл өтіпті. Мұны ата-бабаларымыз талай жылдар армандады.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отырған жоба аясында облысымыздың түпкір-түпкірінде түрлі іс-шаралар өткізілмек. Бұл іске өңіріміздегі 154 этно-мәдени орталықтары да ат салыспақ. Акция соңы мерекелік концертпен жалғасты.

Култанов Байболат