Білім

“Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығының оқытушылары шетелде жыл сайын тағылымдамадан өтіп тұрады

Нәзікжанды өткен желтоқсанның 12-мен 18-і аралығында Ұлыбританияның Ньюкасл қаласындағы университетте білікті оқытушылардың тәжірибесін тыңдаған. Көшбасшылықты дамыту бағытында әдіс-тәсілдерді толыққанды меңгерген педагог енді оны әріптестеріне егжей-тегжейлі түсіндіруде.

Мархаба Қуантаева – Облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары:

– Алған мағлұматтармен әріптестеріммен бөлісудемін. Нақтылап айтқанда, мектеп директорлары, білім ұйымдары басшыларының көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру жөнінде түсіндіремін. Өйткені, көшбасшының артында соңынан ілесіп келе жатқан өзінің қалыптасқан командасы болуы қажет. Сол басқарып отырған ұжымды одан да жоғары жетістіктерге жетелеу амалдарымен таныстырмақпын.

Сондай-ақ, институттың тағы бір оқытушысы Ольга Медведева Австрияның кәсіби білім беру жүйесімен танысып, іс-тәжірибеден өтіп келген. Жалпы “Өрлеу” БАҰО АҚ мамандары жыл сайын әлемнің озық мемлекеттеріне оқуға барып тұрады. Жергілікті филиалдың педагогтары бүгінге дейін білім беруде соңғы технологияларды ұтымды қолданатын әлемнің 10 мемлекетінде тағылымдамадан өтіпті.

Мархаба Қуантаева – Облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары:

– Енді осы алып келген білімдерімізді әріптестерімізбен бөлісу үшін бүгін кеңейтілген әдістемелік кеңес өткізіп отырмыз. Кеңесте тағылымдаманың тақырыптарына байланысты Австриядағы дуалды білім беру жүйесі туралы айтылады. Өйткені, қазіргі кезде ел экономикасын дамытып-көтеруде білімді-білікті мамандар керек. Ал ол тек мектептерде жақсы білім алған жағдайда ғана мүмкін болады.

Осылайша, қос ұстаз өз бағыттары бойынша білген-түйгендерін өңіріміздің өзге педагогтарына үйрететін болады.

 

Бакыт Садуакасов