Білім

Қазақстандағы Литва Республикасының елшісі өңір жастарына тренинг өткізді

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бұл әдістеме адамдардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіріп, ұжымдағы еңбеккерлерді біріктіре түседі.

Адомас Давалга – Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасы елшісінің уақытша міндетін атқарушы:


– Бұл әдістеме барысында адамдар бір-бірін мұқият тыңдап, өзгелер сөйлеп жатқанда, сөздерін бөлмейді, басы артық сын айтпайды. Тек пікір айтушының сөзіне қатысты өз ойын білдіріп, толықтыруға болады. Осылайша, біз адамдардың өмірде түйінін тарқата алмай жүрген мәселесін топ болып шешіп көруге тырысамыз.

Мейманның айтуына қарағанда, мұндай әдістеме Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекеттерінде кеңінен таралған. Шетелдіктер дәл осындай форматтағы тренингтерді университетте дәріс оқығанда және студенттер сынақ тапсырған кезде жиі пайдаланатын көрінеді.

Мұса Танақұлов – “Нұр Отан” партиясы жанындағы “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Бұл жиында шетелдіктер жерлестерімізге мол мағлұмат береді деген үміттемін. Жастар түрлі өмірлік жағдаяттарға шетелдіктердің көзімен қарап, өздеріне маңызды бір ой түйетін шығар. Бұл адамдардың білім деңгейі жоғары. Олар түрлі елдерде болған, әр елдің өмір сүру салтын, саясатын ой елегінен өткізген. Сондықтан, олардан үйренеріміз көп деп есептеймін. Әсіресе, қоғамдық ұйым жұмыстарына осы методика жарап қалар.

Меймандардың айтуынша, осы тренинг арқылы жанұяда, бизнес пен түрлі салалардағы мәселелерді шешуге болады.

Берик Касен