МТРА жаңалықтары

Петропавл еліміздегі ең таза қалалардың үздік үштігіне енді

Оның 9-ы ғана ауаның құрамындағы концентрация нормасының шегінен сәл асқанын көрсеткен. Бұл жайт облысымызда жылыту маусымы басталған уақытта тіркелді дейді мамандар. Жалпы бүгінде өңіріміздегі атмосфералық ауа жағдайы бірқалыпты.

Оксана Гордиенко – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалының зертхана басшысы:


–  Ауа тазалығын біз таңертең, түсте және кешкілік уақытта, яғни, күніне 3 реттен тексереміз. Мониторинг жүргізіп, нәтижелерін ТЖД-не жібереміз. 2015 жылы өңірімізде ең жоғары концентрация көрсеткіші 1,4-ті құрады. Ал жалпы концентрацияның нашар деңгейі 10-нан басталады. Мұндай жағдайда біздер барлық мекемелерге хабарлап, дабыл қағуға тиіспіз. Бірақ, бізде бұндай оқиғаның орын алуы екіталай. Өйткені, солтүстік өңірде өзге аймақтарға қарағанда зауыттар мен фабрикалар аздау.

Зерттеу автоматтандырылған және қолмен басқарылатын газоанализатор құрылғысы арқылы жүзеге асады. Егерде аппараттан өзгерістер байқалатын болса, онда мамандар сынаманы бірнеше мәрте қайталап, зерттеуден өткізеді екен. Сондай-ақ, мұндағы қызметкерлер Есіл өзені суының тазалығын 44 көрсеткіш бойынша айына бір рет тексеріп тұрады екен.

Оксана Гордиенко – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалының зертхана басшысы

– Есіл өзенін тексеру үшін біз айына бір рет зерттеп, тазалығын бақылаймыз. 2015 жылдың өзінде ғана 3164 сынама алдық. Қорытындысында көрсеткіштің құбылмалы екендігін байқауға болады. Әсіресе, көктемгі уақытта, қар еріп, су тасығанда және жауын-шашын кезінде өзен біраз ластанады. Ал қыс мезгілінде су таза болып, бірқалыпты сақталады. Ал алынған ақпаратты біз халыққа жариялап тұрамыз.

Айту керек, бүгінде бұл зертханада 15 маман қызмет етеді.

 

Айгерим Ержанова