Қоғам

2015 жылы “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК СҚО бойынша филиалы тұрғындарға 944 мыңға жуық қызмет көрсетті

 

Бұл оның орталыққа алғаш келуі емес. Бұған дейін мамандардың көмегіне жүгініп, бірнеше қызмет түрін алғандығын айтуда.

Әсем Майсатаева:

– Орталыққа жиі келемін. Мамандардың қызмет көрсету сапасына көңілім толады.

Өткен жылы орталыққа тұрғындардан мекен жай анықтамасын, электронды цифрлық қолтаңба мен жылжымайтын мүліктерді тіркеу бойынша өтініштер көп түсіпті. Бүгінде ХҚКО-тары арқылы көрсетілетін қызметтер саны жылдан жалға өсуде. Былтырдың өзінде салық төлеушілерге, мемлекеттен субсидия алушыларға арналған 21 жаңа қызмет түрі енгізілді.

Серік Бейсенов – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары:

– 2015 жылы облыс бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары жеке және заңды тұлғаларға 944 мыңға жуық қызмет түрін көрсетті. Оның ішінде 65 мыңға жуығы электрондық форматта орындалды. Жыл басынан 96 300-ден астам адамаға электрондық цифрлық қолтаңба берілді.

Бүгінде электрондық цифрлық қолтаңбасын сим-картасына жаздырған АЛТЕЛ абоненттері кейбір мемлекеттік қызметтерге интернет болмаған күннің өзінде оңай қол жеткізе алу мүмкіндігіне ие болды.

Серік Бейсенов – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары:

– Бүгінде Алтел абоненттері “Мобильді үкімет” сервисіне Қазақстанда бірінші болып қосылуға мүмкіндік алды. Олар кейбір мемлекеттік қызметтерді интернеті жоқ жерлерде қарапайым телефон арқылы ала алады. Мысалы, қызметті қарапайым телефонға алу үшін қолданушыға қызметтің қысқа мәтінімен 414 нөміріне смс жіберіп сим-картаға жазылған электрондық цифрлы қолтаңбаға қол қою жеткілікті. Оған жауап ретінде қызмет нәтижесі және анықтаманың бірегей коды бар хабарлама келеді.

Қазіргі таңда облыс бойынша барлығы 16 ХҚКО-ғы бар болса, күнделікті аталмыш орталықтар арқылы барлығы 380 маман азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Оған қоса облыс аумағында орталықтың мобильді топтары жұмыс істейді. Жыл басынан мобильді топ шалғайдағы елді мекендерге 724 рет іс-сапармен шығып, 21 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті.

Берік Қасен