МТРА жаңалықтары

Православ сеніміндегілер Рождество мейрамына дайындалуда

Надежда Винтаева – Вознесения Господня кафедралдық соборының аспазы:

-Бүгін мерекелік дастарханға арнап тоқаш дайындап жатырмын. Олардың түрлері көп. Бұдан бөлек, келушілерге тұшпара, салат пен ет тағамдарын жасаймыз.

Православие күнтізбесінде Рождество ерекше салтанатты күн, Пасха мейрамынан кейінгі ұлы мереке болып табылады. Сондықтан, христиандар бұл күні Жаратушыға жалбарынып, тәні мен жанын тазартады.

протоиерей Сергий – Петропавл және Булаев епархиясының хатшысы:

-Мереке қарсаңында, яғни Сочельникте әр православ сеніміндегі адам ауыз бекітеді. Кейбірі бұл күні мүлде тамақ жемесе, енді бірі аз ғана дәмнен ауыз тиеді.

Құдайға құлшылық ету, қаңтардың 6-сы күні кешке басталады. Сондықтан, қазір мұнда қызу дайындық жүріп жатыр. Православ сеніміндегілер таң сәріден шіркеуде дұға оқып, тілек тілеуде. Ал кешқұрым қайтадан осында келіп, мерекелік литургияға қатысады.

 

Магжан Ахмадина