Құқық қорғау органдары

Елімізде енді травматикалық және газды тапанша мен оқ-дәріні заңсыз сақтағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Ринат Багаутдинов – Петропавл қалалық ІІБ лицензиялау және қару айналымын бақылау бөлімшесінің аға инспекторы:

-1 жылға жалғасқан шара нәтижесінде жерлестеріміз өз еріктерімен полиция пунктеріне келіп, 765 дана қару-жарақ тапсырды. Оның 323-і – травматикалық, ал қалған 442-сі газ-травматикалық қару болып есептеледі. Комиссия шығарған 754 шешімге сәйкес оқ-дәрі мен қару-жарақ тапсырған азаматтарға мемлекет есебінен жалпы сомасы 37 миллион 266 мың теңге қаражат төленді.

Енді биылдан бастап тіркелмеген травматикалық және резеңке оқты газды тапанша мен оқ-дәрі сақтайтындарға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сол себепті, тәртіп сақшылары арнайы акция аясында үлгермей қалған тұрғындарға қаруларын әлі де болса әкеліп тапсыруға болатындарын айтуда.

Ринат Багаутдинов – Петропавл қалалық ІІБ лицензиялау және қару айналымын бақылау бөлімшесінің аға инспекторы:

-2016 жылдың 1-ші қаңтарынан қаруды заңсыз сақтаған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-ші бабына сәйкес мұндай тұлғалар 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл өтеуге міндеттеледі. Ал әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Жергілікті полицейлердің айтуынша бір жыл бойы өткен травматикалық және газды тапаншаны ерікті түрде тапсыру науқаны өңірде қылмыстың алдын алуда оң ықпалын тигізген.

 

 

Бакыт Садуакасов