МТРА жаңалықтары

2016 жылы өңірдің су көздеріне 96 млн рипус және тұқы балығы жіберіледі

Людмила Волкова, “Петропавл балық питомнигі” РМҚК өндірістік цех меңгерушісі:

-Уылдырықтар қалыпты жетілу үшін су мен цехтың ішіндегі температураны бірқалыпты деңгейде ұстаған жөн. “Вейса” аппаратындағы оттегінің мөлшері де жеткілі болуы тиіс. Бұл су жәндіктерінің дұрыс жетілуіне әсер етеді. Егер судың температурасы +1 градустан жоғарылап кетсе, рипус балықтарының уылдырықтары мерзімінен бұрын өсіп шығады.

Елімізде сирек кездесетін сиг тұқымдас балығы салмақты тез жинағанымен, табиғи ортада өздігінен көбейе алмайды. Осы себепті мамандар су жәндігін инкубациялық цехтарда қолдан өсіруді қолға алған. Уылдырықтар Қарағанды, Ақмола облыстарындағы су қоймаларынан жеткізіліпті. Петропавл балық питомнигінің ұжымы биыл да мемлекет тапсырысы бойынша балықтарды көбейту шараларын жалғастырмақшы.

Рустам Жанабаев – Петропавл балық питомнигі директорының орынбасары:

 

-Биылғы көктемде біз 55 млн рипус және 40 млн тұқы балығының дернәсілдерін Сергеев және Петропавл су қоймаларына жіберетін боламыз. Артынша күз айында питомниктегі су тоғандарында тағы 1 млн рипус балығының шабағын өсіріп, оны да табиғи ортасына жібереміз.

Осылайша Петропавл балық питомнигінің ұжымы үстіміздегі жылы мемлекет тапсырысы аясында өңір су қоймаларына жалпы саны 96 млн рипус және тұқы балығын жіберуі тиіс.


Берік Қасен