Құқық қорғау органдары

Жаңажылдық мереке күндері өңірдегі қоғамдық тәртіп жіті бақылауда болды

Александр Михайлов – СҚО ІІД жедел жоспарлау орталығы бастығының міндетін атқарушы:

-Мереке күндері бізге екі мыңға жуық қоңырау келіп түсті. Оның көбісі – көршілерінің көңіл көтеруіне шыдамаған үй иелерінің шағымдары. Біздің мамандар мұндай жағдайда мекен жай бойынша шығып, мән-жайды білім отырды.

Жалпы, облыс аумағында желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 4-і аралығында 500-ден аса тәртіп сақшысы қызмет атқарған. Оның 300-ге жуығы Петропавл қаласындағы қоғамдық тәртіпті күзеткен.

Айдын Ахмағамбетов – СҚО ІІД ӘПБ жол-патрульдік қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімше бастығы:

-Облыс аумағында желтоқсан айының 30-ы мен қаңтардың 4-і аралығында полицейлер күшейтілген түрде қызмет атқарды. Мереке күндері қоғамдық тәртіп тұрақты болды. Сондай-ақ, ауа райына байланысты тас жолдарда автокөліктердің қар құрсауында қалу жағдайлары да тіркелген жоқ.

Ал, қаңтар айының алғашқы күндері өңірде жолда жүру ережесін бұзуға қатысты орын алған фактілердің саны – 525. Оның 16-сы жүргізушілердің рөлге мас күйінде отыруына байланысты. Мереке күндері облыста 2 жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан 3 адам түрлі дене жарақатын алған.

 

Култанов Байболат