Денсаулық сақтау

Жаңа жылдық мереке күндері жарақат алғандар

Валентина Чулкова:

-31-і күні қонаққа барып, үйге келе жатқанда біраз далада жүріп қалдым. Содан қолымды үсітіп алыппын.

52 жастағы қала тұрғынын ауруханаға жедел жәрдеммен әкелген. Аязды күні далада қолғапсыз көп жүріп қалған нәзік жанды енді қолының саусақтарынан айырылды. Жалпы мереке күндері түрлі деңгейде үсік шалып, ауруханаға келгендердің саны 11-ге жетсе, тағы 136 адам түрлі жарақаттар алған.

Валерий Грибашов – 3-ші қалалық аурухананың жарақат зардабын емдеу пунктінің меңгерушісі:

-Мереке күндері, яғни, желтоқсанның 31-інен 5 қаңтарға дейін бізге 276 адам келді. Олардың дені нақ Жаңа жыл түні денсаулығына шағымданғандар. Көбі қолын сындырып, аздаған жарақаттар алады.

Бір қуантарлығы, мерке күндері қала тұрғындары арасында пиротехникалық құралдардан зардап шеккендер жоқ.

 

Магжан Ахмадина