Денсаулық сақтау

Жаңа жыл түні облыстық перинаталдық орталықта 5 сәби дүниеге келді

Айнаш Қасымова – қала тұрғыны:

-Жаңа жылда балаларым аман-сау болсын деп тілек тіледім. Балапандарым жаңадан дамып келе жатқан тәуелсіз еліміздің үлкен азаматтары болсын!.

Жаңашылдығы мен қуанышын өзімен ала келетін осынау жарқын мерекеде құндақталған Жасминмен қатар облыстық перинаталдық орталықта Жаңа жылды 4 сәби қарсы алды. Бүгінде кейбіреуін ата-әжесі мен туысқандары үйлеріне алып кеткен.

Наталья Клебан – СҚО перинаталдық орталығының босану бөлімшесінің меңгерушісі:

-Жаңа жыл түнінде 3 ұл, 2 қыз дүниеге келді. Босану сәтінде жүкті аналардың қасында жұбайлары мен туысқандары болды. Статистика көрсетіп отырғандай, жылда қыздарға қарағанда ұлдар дүниеге көп келеді. Өңірімізде бала туу көрсеткіші өсуде. Бұл бізді қатты қуантып отыр.

Жалпы қаңтардың бірі мен бесі аралығында облыстық перинаталдық орталықта 32 ана дүниеге нәресте әкелген.

 

Берік Қасен