Білім

Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде 500 солтүстікқазақстандық оқушы білімін сынға салуда

Ілияс Қазиев – Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

-Бұл олимпиадаға көп дайындалдым. Мұғаліммен түрлі кітаптарды ақтарып біраз іздендік.

Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне 500-ден астам оқушы қатысуда. Оқуда озаттардың білімін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің оқытушылары екі күн бойы бағалайды. Білім басқармасындағылар жылына бір рет өткізілетін мұндай пәндік олимпиадалар білім сапасының деңгейін саралап отыру үшін қажет дейді.

Шекер Жандосова – СҚО білім басқармасының бас маманы:

 

-Пәндік олимпиада 4-ші және 23-і мектептерде өткізілуде. Сайысқа өңірдің 13 ауданынан және Петропавл мектептерінен жиыны 500-ден астам оқушы қатысуда. Олардың дайындықтары жақсы іріктеуден өткен.

Пәндік олимпиаданың қорытындысы келесі күні шығарылмақ. Ең жоғары ұпай жинаған үміткерлер республикалық кезеңге жолдама алады.

Берік Қасен