Аптадағы маңызды жаңалықтар

2015 жылы Петропавл ауыр машина жасау зауыты “Алтын сапа” Президенттік байқауының лауреаты атанды

Өткен жылы облыс тарихында алғаш рет “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” “Алтын сапа” Президенттік байқауының лауреаты атанды.

“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” бүгінде халықаралық стандарттарына сай заманауи технологиялар негізінде мұнай-газ өндіру, өңдеу, мұнай-химиялық, химиялық, энергетикалық және басқа да өнеркәсіп салаларына арналған жабдықтарды шығарады.

Қуаныш Бишімов – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директоры:

 

-Біз үшін бұл үлкен абырой. Елбасының үлкен сенімі. Сол үмітті біз ақтай білу қажетпіз. Біз қазір жұмыс істеп жүрген салада бәсеке өте үлкен. Қазақстанның батыс, солтүстік, шығыс облыстарында бізден де ірі компаниялар бар. Дегенмен ұжымның қажырлы еңбегінің арқасында бізге осындай жоғары марапат бұйырды.

Тарихы сонау 1948 жылдан бастау алған көне кәсіпорын заман көшінен қалыспай келеді. Мұнда тың технлогияларды игеруге, құлығыларды жаңалауға үлкен мән беріледі. Оның нәтижесі де айқын.

Қуаныш Бишімов -“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директоры:

-Бүгінде “ҚазМұнайГаз”, “ҚазақстанТемірЖолы”, “Самрұқ-Энерго”, Павлодар мұнай өндіру зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауытымен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнаттық.

Жергілікті кәсіпорынның жұмысын шетелдік инвесторлар да жоғары бағалап отыр. Мысалы, өткені жылы мұнай өндіру орындарына қажетті қондырғыларды жобалаумен айналысатын жапондық “Marubeni Corporation” зауыт әкімшілігімен 2 жылдық келісім шартқа тұрды. Соның аясында қазір кәсіпорын қабырғасында көлемі мен сыйымдылы әр түрлі мынадай ыдыстар құрастырылуда. Бұлар адағы уақытта Атырау мұнай өңдеу зауытына жөнелтілмек. Онда қазір ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Қуаныш Бишімов -“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директоры:

-Елімізде Қазақстан мен АҚШ-тың ортақ жобасы “Теңізшевройл” ЖШС-гі деген компания бар. Бүгінде БҚО-да жұмыс жасап жүр. Біз олармен де келісім-шарт жасастық. Біз аталмыш компанияның сенімді тасымалдаушысы болып саналамыз.

Мұндағылар тапсырыстардың 95 пайызын ТМД-ның бірқатар елдері мен АҚШ, жапондық трансұлттық компаниялардан алады. Сонымен қатар бұл зауыттың өнімдерін 100-ден астам солтүстікқазақстандық ірілі-ұсақты компания қажетіне жаратуда. Жергілікті өндіріс ошағы бүгінгі нарықтың шарттары мен қатаң ережелеріне бейімделіп, алған бағытынан жаңылмақ емес.

Берік Қасен