Аптадағы маңызды жаңалықтар

2015-ші жылы қол жеткізген табыстар

 

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Екінші бесжылдықты айтар болсақ, 28 млрд теңгенің 41 жобасы жүзеге асатын болады. Солардың 15-і жұмыс істеп тұр. Барлығы тұрақты жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта жобалардың санын екі есе көтеріп, инвестиция көлемін 3 есе арттыру ойда бар. Сондықтан бұл жұмыс жақсы жалғасады деп ойлаймын.

ЗКТ: Қой жылының көктемінде ел үшін маңызды оқиға, кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Бұл саяси додада да солтүстікқазақстандықтар ерекше белсенділік таныттты. Аймақ тұрғындарының 98,33 пайызы өз таңдауын мемлекет басшысына берді. Өйткені олар еліміздің кемел келешегін тек Қазақстанның Тұңғыш Президентімен байланыстарады. Енді ақырын аяңдап, жаз айларында орын алған оқиғаларды саралап көрелік. Бұл ретте биыл өзімізде ашылған «Казтехмаш» зауытын айтпай кетпеске болмайды. Кәсіпорында шығарылған комбаиндар шетелдік көліктерге бәсекелестік туғыза алады. Биылғы орақ науқанында соның 22-сі теріскей аллқаптарында жүйіткіп, аграрийлердің көңілінен шыққан.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

-Біздің зауттың сервисі де тамаша. Орақ науқанында сынып тұрған комбайндар болған жоқ. Шетелден әкелінген техника сынып қалса, 2 жұмаға дейін сайман тосып тұрар еді. Ал мында құралды тосып керегі жоқ. Зауытта барлығы бар. Алдағы жылы тағы бір комбаинды игереміз бе деген ой бар. Ол Белорусияның «Литмаш» зауыты. Ол Сампоға қарағанда біраз арзан.

Жаз маусымы білім саласы үшін де табысты болды. Петропавлда көптен күткен химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Оқу орны 720 орынға арналған. Бұл мектеп биыл облысымызда ашылған жалғыз оқу ордасы емес. Бұдан бөлек, Мамлютка қаласы мен Ғ.Мүсірепов ауданындағы Буденное елді-мекенінде білім ошақтары ашылды. Соңғы екеуі елбасының апаттық мектептердің мәселесін шешу мақсатында тұрғызылған нысандар болып отыр. Енді айналаны сары алтынға көмкеріп, жаз бойғы еңбегіміздің нәтижесін көрсететін күз мезгілінде орын алған жаңалықтарға тоқталып өтейік. Биыл еліміздің басты аграрлық өңірі барша қазақстандықтарды кезекті рет мол астықпен қамтамасыз етті. Облыс қамбасына 5 млн тоннадан астам бидай құйылды. Бұл – жергілікті диқандардың жыл бойғы еңбектерінің нәтижесі. 2015 жылы мал шаруашылығында да бірқатар игі істер тындырылыпты. Қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында облыста төрт түлік пен құс басының саны артуда.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

-«Сыбаға» бойынша облыста 3,5 мың бас мал, жылқыдан 1600 бас, қой мен ешкіден 5 мыңанан астам бас сатылып алынды. Мал ұстаған қожалықтар ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал егін жинағандар қыс бойы жатады. Сондықтан біз 104 қожалықпен келісімге келдік. Олар мал санын арттыру керек.

Биылғы жылдың тағы бір маңызды жаңалығы 23 жылдан бері жөндеу көрмеген Петропавл халықаралық әуежайының ауқымды жаңғырту жұмыстарынан өткізілуі болды. Оған ел қазынасынан 6 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. 2015-тің қысы да бірқатар тың істердің орыдалуына жол салды. Солардың бірі қазақстандағы бірегей зауыт «Радуга» ЖШС ашылуы. Индустрияландыру картасының 2-ші 5 жылдығы аясында қолданысқа берілген жобаның құны – 148 млн теңге. Серіктестік жылына 430 тонна құрғақ таңғы ас пен түрлі қауыздарды шығаруға қауқарлы.

Бүгіндері облыста балғындарды мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесі ақсап тұрғандығы белгілі. Бұл проблеманы шешу үшін биылғы жылы белсенді түрде бизнес субъектілері тартылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 20-дан астам балабақша кеңейтіліп, жаңа нысандар бой көтерді. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ғана 650 орынға шақталған 3 балабақша есегін айқара ашты. Келер жылы осы істі жалғастыру жоспарда бар. Биыл доллар бағамы да рекордтық көрсеткіштерге дейін өсіп, халықтың есін шығарды. Ал әлем елдерін жайлаған дағдарыс әлі де болса, айылын жиған жоқ. Сондықтан жыл соңында халыққа жолдауын арнаған Елбасы маңызды құжатта қазақстандықтатиға одан шығарды жолды көрсетті. Енді сол айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру міндеті тұр алдымызда.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Біріншіден барлық мемлекеттік бағдарламаларды орындаймыз. Инвестиция қысқармайды. Әлеуметтік салаға көңіл аударылады. Жолдауда айтылғандай жалақы мен зейнетақы көбейеді. Өсім биылғыдан кем болмайды.

Магжан Ахмадина, тілші:

-Қой жылы барлығымыздың есімізде, міне осындай оқиғаларымен есте қалары анық. Енді 2016 жылдың да мерекелі, берекелі жыл болуын күтеміз.

Магжан Ахмадина