Денсаулық сақтау

Жаңа жылда жедел жәрдем күшейтілген режимде жұмыс істейді

Наталья Стегайло – Облыстық жедел жәрдем орталығының педиатриялық бригадасының дәрігері:

-Жаңа жыл біреу үшін мереке болса, біз үшін әдеттегі жұмыс күні болып есептеледі. Өйткені, ауру мерекеге қарамайды. Сондықтан, Жаңа жылды жұмыста, тіпті қызметтік көлікте қарсы алған кездер болды. 

Ал «сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы ұстанған Сабыржан Жакин Жаңа жыл кешін жұмыс орнында қарсы алады. Мереке күндері жалпы қызмет күшейтіледі. Бұған етіміз үйреніп кеткен дейді дәрігер.

Сабыржан Жакин – облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының аға дәрігері:

-Негізгі аурулар ол ішімдіктен, жарақаттар және созылмалы аурулар күшейеді.

Жалпы облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығында 200-ге жуық адам еңбек етеді. Соның 30-ға жуығы – дәрігерлер.

Мамадияр Байғұлов- облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрiгерi:

-Жай күндері 16 бригада болса, мереке күндері 18 бригадаға дейін барады.Бізде дәрігерлер кардиобригада, жас балалар, жалпы дәрігерлер және көбі фельдшерлер жұмыс істейді.

Бүгіндері орталықта 22 бірлік техника жұмыс істейді.

 

Магжан Ахмадина