Бизнес және экономика

СҚО кәсіпкерлер палатасы 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығын қорғады

Жеңіс Казиев – СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

-Биыл бизнесті қорғау бойынша 300 өтініш түсті. Бүгінде оның жартысынан астамы шешілген. 110 шағым уәкілетті органдарға қатысты. Оның барлығы негізсіз деп табылды. Сондай-ақ, палата сарапшылары 134 нормативтік-құқықтық актіге сараптама жүргізді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңіс Казиевтің айтуынша, осы жылы салық, жер, қатынастары, сәулет және құрылыс саласына қатысты сұрақтар көп туындаған. Біраз, мәселе облыстық прокуратураның араласуымен шешіліпті.

Марат Әжібаев – СҚО прокуратурасының 1-ші басқармасының аға прокуроры:

-Қазір облыс прокурорлары 2016 жылы қолданысқа енгізілетін Кәсіпкерлік кодексін тұрғындарға кеңінен таныстыруда. Келер жылдан бастап бизнеске қатысты бұрынғы заңдардың күші жойылып, құқық қорғаушылар мен кәсіпкерлер бірыңғай кәсіпкерлік кодексі аясында жұмыс істейтін болады.

Жыл басынан облыс прокурорлары мемлекеттік мекемелерге 20 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде кәсіпкерлік бойынша 419 құқықбұзушылық анықталып, 29 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Берік Қасен