Қоғам

ҚР Құрметті құрылысшысы Николай Кошиков “Ерен еңбегі үшін” мемлекеттік наградасымен марапатталды

Николай Кошиков – “Петрострой-Люкс” ЖШС директоры:

-Биыл біз 320 орынға шақталған бюджеттік және 200 орынға арналған жеке балабақшаның құрылысымен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар 20-шы ықшам ауданда бір мезетте 500 адам келе алатын мешіт салудамыз. Және Береке ауданында 550 пәтері бар тұрғын-үй қолданысқа тапсырылды.

Серіктестік тұрғызып жатқан мешіттің алғашқы кірпіші маусым айында қаланған. Қазір мұнда тіреулер орнатылып, астыңғы қабат салынбақ.

Виталий Мурзин – “Петрострой -Люкс” ЖШС прорабы:

-Жалпы мешіт 2 қабаттан тұратын болады. Оған қоса биіктігі 30 метрге жететін 4 мұнара орнатылады. Және асхана мен мәйітхана жеке тұрғызылады.

Ал кәсіпорын салып жатқан мына балабақша 200 орынға шақталған. Оны серіктестік басшысы өз қаражатына тұрғызуда. Сонымен қатар №5-ші орта мектептің қасында бюджеттік, яғни Балапан бағдарламасы аясында 320 орынға шақталған мектепке дейінгі білім беру ошағын салуда.

Николай Кошиков – “Петрострой-Люкс” ЖШС директоры:

-Қос балабақшаның құрылысы келесі жылы аяқталады. Жекеменшік нысанды маусым-шілде айларында, ал мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ошағын бағдарлама бойынша маусымда тапсыру қажетпіз. Жалпы бұл жобаның құны 710 млн теңге. Қазір оның 270 млны игерілген. Ал жекеменшік балабақшаға 600 млн теңге бағытталды.

Білікті басшы Николай Кошиков құрылыс саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ел Тәуелсіздігі күні жерлесіміз “Ерен еңбегі” үшін мемлекеттік наградасымен марапатталыпты.

 

Риат Шони