Бизнес және экономика

“Богатырский продукт” ЖШС өз тұтынушыларына жүлделер табыстады

Алена Шаймарданова – «Богатырский продукт» ЖШС маркетинг бөлімінің жетекшісі:

-Бұл акция үстіміздегі жылдың қарашасында бастау алды. Ұтысы бар купон біздің компания шығаратын үш жеті «777» шекілдеуігінің орамасына салынады. Оның ішінде тәтті торттар, саптыаяқтар, шекілдеуік пен қомақты жүлделер де бар. Аталмыш акция Петропавлдан өзге Көкшетау, Екібастұз, Степногор, Атбасар, Ерейментау қалаларында да өткізілуде. Өйткені, бұл шаһарлардың тұрғындары да «Богатырский продукт» өнімін пайдаланады. Жалпы солтүстікқазақстандықтар үшін 200-ден астам сыйлық ойнатылуда.

Ғалия Бекболатова ұтысын алып кету үшін немересі Рахатты да ерте келіпті. Зейнеткер үш жеті («777») шекілдеуігінің қорабынан жамылғыш деп жазылған купон тауып алған.

Ғалия Бекболатова – ұтысқа қатысушы:

-Көбіне біз шекілдеуік аламыз. Бір рет немерем дүкенге барып, ұтысын саптыаяққа ауыстырып келді. Одан кейін торт та ұтып алдық. Енді осы жолы шекілдеуіктің үлкен орамынан жамылғыш ұттық.Өнімдері жақсы, бізге ұнайды. Тұшпараларын да алып тұрамыз.

Рахат Сүлейменов:

-Маған «Богатырский продукт» өнімінің шекілдеуіктері өте ұнайды. Жақсы дайындалады, дәмі керемет. Осыған дейін мен торт ұтып алдым, оны отбасымызбен бірге жедік. Дәмді.

Сонымен жүлде табыстау сәті де келіп жетті. Бірінші жамылғыштар, электр шәйнектері мен үтіктер салтанатты түрде сыйланды. Кейін мультипісіргіштер де иелеріне тапсырылды.

Михаил Данилов – ұтысқа қатысушы:

-Маған «Богатырский продукт» өнімдері қатты ұнайды. Әсіресе шекілдеуіктері. Дәндері ірі әрі жақсы қуырылған. Ішінде сыйлықтары да бар. Содан міне мен екі апта бұрын мультипісіргіш ұтып алдым. Жиылып қалған ұтыстары да бар. Бүгін біржола келіп, жүлдемді алып кеттім. Аталмыш компанияның өнімін келер жылы да пайдаланатыным сөзсіз.

Жаңа жыл қарсаңында ойнатылған ұтысқа екі бас жүлде қойылды. Бұл теледидарды қала тұрғындары Полина Гончарова мен Ольга Шляжко ұтып алды. Екеуі де мереке қарсаңында мұндай ойынның жеңімпазы атанамыз деп күтпесе керек. Бұл таңғажайыпқа толы Жаңа жыл алдында тамаша сыйлық болды.

Полина Гончарова – бас жүлде иегері:

-Бір апта бұрын қалтамдағы соңғы ақшаға үш жеті шекілдеуігін сатып алдым. Ішінен теледидар деген жазу шықты. Қатты қуандым. Сол мезеттегі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Ольга Шляжко – бас жүлде иегері:

-Мен шекілдеуік ішінде ұтыс барына сенбедім. Купонды анам алып шықты. Мереке қарсаңында бізге қуаныш пен үлкен сыйлық табыстаған «Богатырский продукт» компаниясына алғысым шексіз. Аталмыш серіктестіктің өнімдері керемет. Өзім жиі сатып алып тұрамын. Тұшпарасы, котлеттерінің дәмі тіл үйіреді.

Айту керек, бұл ұтыс ойыны әлі де жалғасын табады. «Богатырский продукт» өнімін пайдаланушылар арнайы сыйлықтарды келер жылдың сәуіріне дейін ұта алады. 17 жыл ішінде аталмыш компания өзінің тұрақты тұтынушысын тауып, өңіріміздегі беделді кәсіпорынға айналған. Бүгінде серіктестік ұн, тұшпара мен макаронның 20 түрін, «Тамерлан» маркалы тәтті торт сынды бірқатар өнімдерді шығарады.

Айгерим Ержанова