Мәдениет

Петропавлда “Атамекен атаулары” атты кітаптың тұасаукесері өтті

Тарихи зерттеу жұмысынан қазіргі күні карта бетінде сақталған және мүлде жойылған елді-мекен аттарын кездестіруге болады. Еңбектің жарыққа шығуына филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зарқын Тайшыбайдың қосқан үлесі зор. Өйткені, ғылыми басылымның негізгі авторы бұл туындыны тарихи мағлұматтарға сүйене отыра осыдан 10 жыл бұрын жаза бастапты.

Зарқын Тайшыбай – ҚР Құрметті журналисі:

-Бұл еңбек СҚО тарихында тұңғыш рет шығып отыр. Туындының оқырман қауымның қолына жетуі облысымыздың мәдени, ғылыми сонымен қатар тарихы жағынан үлкен жаңалық болып отыр.

Жалпы кітап 338 беттен тұрады. Таралымы 350 дана. Айта кеткен жөн, туынды облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша жарыққа шығып отыр.

Ернияз Сұлтанов – СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бөлімінің басшысы:

-Аталған зерттеу еңбегінде елді-мекендердің шығу тарихы жайлы құжаттармен дәлелденген материялдар бар. Бұл туынды өлкетанушылар мен өскелең ұрпақ үшын мағынасы зор.

Келер 2016 жылы кітап авторлары тағы да басқа туындыларды жазуды жоспарлапты. Онда облыстың 80 жылдығы жайлы мағлұматтарды топтастырып қағаз бетіне түсіру ойда бар.

 

Култанов Байболат