Білім

Білім саласының ардагері Х.Акчурина Білім Министрлігінің медалін иеленді

Халида Акчурина Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде 30 жылдан артық қызмет еткен. Бұл уақыт ішінде математикадан сабақ беріп, оқу орнының қоғамдық өміріне белсенді араласыпты.

Халида Акчурина, білім саласының ардагері:

-Менің зейнетке шыққаныма 20 жыл өтті. Ал, мені бұл ұжым құрметтейді, естен шығарған емес. Менің тобымдағы студенттер белсенді болатын. Әрқашан жүлделі орындар иеленетін. Өзім де жақсы топ жетекшісі болу үшін тырысатынмын.

30 жыл бойы бірге қызмет еткен әріптестері де нәзікжандының өңірдегі Техникалық және кәсіптік білімнің дамуына қосқан үлесі мол деп отыр.

Салтанат Жүнісова, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің кәсіподақ ұйымының төрайымы:

-Халида Акчурина – ықылас-жігері мол ғажап адам. Еңбекқор педагог. Мен осы оқу орнына жұмыс істеуге келгенімде жөн сілтеп, ұстаздық жолына баулыған да осы кісі.

Халида Акчурина – білгір пегагог қана емес, сүйікті жар, аяулы ана. Жолдасымен 55 жыл өмір сүріпті. Екі бала тәрбиелеп, сонша немере сүйіп отырған әже.

Акбопе Танирберген