Бизнес және экономика

Жаңа жыл қарсаңында көлік иелеріне сыйлықтар тарту етілді

Міне, көптен күткен машина құқық қорғаушының арнайы дабылынан кейін жол шетіне келіп кідірді. Оған әдеттегідей полиция қызметкері жақындап құжаттарын тексерудің орнына жаңажылдық киім киген Аяз ата телефонмен блютуз арқылы байланысуға болатын аппаратты сыйға тарту етті.

Алғашқыда тәртіп сақшыларының тоқтатуын түсінбей абдырап қалған көлік жүргізушілері мән-жайды сыйлық алғаннан кейін барып ұғынды.

Светлана Большедворова – көлік жүргізушісі:

– “АКС” компаниясына осындай қызықты шара ұйымдастырғанына алғысымды айтамын. Шынымды айтсам, сыйлық алам деп мүлде күтпедім. Тәртіп бұзған шығармын деп ойлап қалдым.

Дәл осы акцияны “АКС” компаниясы өткен жылы ұйымдастырыпты. Онда да жол-патрульдік полиция қызметкерлері көмекке келген. Осындай шара арқылы құқық қорғаушылар телефонмен рөлде отырып сөйлесетіндердің санын азайтуға тырысады. Тиісінше, сыйлықтың оларға тигізер пайдасы да жетерлік.

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Бұл акцияның негізгі мақсаты жол-патрульдік полициясының тек қана айыппұл салмай, Жаңа жыл қарсаңында автокөлік жүргізушілеріне сыйлықтар да таратамыз. Және осы темір тұлпар тізгіндеушілерден сұрауым мерекеде ешқандай тәртіп бұзбаңыздар.

Акция аясында рөлде отырып телефонды қолға алмай-ақ сөйлесуге мүмкіндік беретін қондырғыға 5 бірдей автокөлік жүргізушісі ие болды.

Култанов Байболат