Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қаламы қарымды журналистер марапатталды

Бұл күні өңір жетекшісі журналистерді БАҚ өкілдері арасында өткізілген шығармашлық байқауды қорытындылап, жыл бойы халыққа қызықты әрі ерекше сюжеттер ұсынған қаламы қарымды журналистерді марапаттау үшін жинады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сіздер жыл бойы облысымызда, елімізде жасалған игі істерді халықа жақсы жеткіздіңіздер. БАҚ өкілдері үстіміздегі жылы табысты еңбек етті. Оны байқауларға ұсынылған мақала мен сюжеттерден көруге болады.

БАҚ өкілдерінің арасында бірнеше аталым бойынша ұйымдастырылған шығармашылық сайысқа республикалық және жергілікті арналар мен баспасөз тілшілері жеке авторлық еңбегін жолдаған болатын. Нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы маңызды оқиғаларды материалында қызықты әрі шынайы жеткізе білгендері ерекше марапатқа ие болды.

Ербахыт Амантайұлы – “Қазақ радиосының” меншікті тілшісі:

– Қазақ радиосында” – “Қазақстанда жасалған” деген циклдық бағдарлама бар. Соған екі бағдарламамды жіберген болатынмын. Біреуі ауылшаруашылығы техникаларын шығаратын зауыт туралы. Екіншісі, СҚО-дағ аяқ киім өндірісі туралы.

Айдарбек Балғабеков – “24 kz” республикалық арнасының меншікті тілшісі:

– “Хабар агентігі, “24 kz” СҚО-дағы қосынынан осы жылы 800-дей материал жарық көрген. Барлығы түрлі тақырыпты қамтиды. Және де ең бастысы олардың басым көпшілігі жағымды жаңалықтар. Бұл байқауға мен Еуразиялық экономикалық одақ, әсіресе шекаралас аймақтардың әріптестігі туралы материалымды жолдадым.

Осы күні аймақ басшысы Ерік Сұлтанов муниципалдық телеарна ұжымының да еңбегін ерекше атап өтті. Салтанатты жиында тақырыптық бағдарламаның редакторы Ольга Попова, тілшілер Берік Қасен және Ксения Куценко, бейнеоператор Владимир Боровков аймақ жетекшісінің алғысын алып, марапатына ие болды.

Берік Қасен – “МТРА” тілшісі:


– Журналистика мамандығын таңдағаныма өкінбеймін. Бұл жұмыс қызықты, шығармашылыққа толы. Түрлі ақпаратқа қанық боласың . Спорттан бастап экономикалық тақырыптарды жазып, білім көкжиегімді кеңейте түсем бе деген мақсатым бар.

Байқауда тілшілердің еңбегін “Қазақстан журналистер одағы” СҚОФ -ның өкілдері де бағалаған болатын. Аталмыш ұйымның төрағасы Ерлан Тоқшылық халыққа сапалы материал ұсынатын журналистердің қатары жылдан жылға артып келетіндігін атап өтті.

Ерлан Тоқшылық – “Қазақстан журналистер одағы” СҚОФ төрағасы:


– Конкурсқа көптеген еңбектер келіп түсті. Журналистер одағы ұйымының атынан ат салысып, осы еңбектерді қарап шықтық. Шынында да әрбір журналистің міндеті өңірімізде болып жатқан игі жаңалықтардыхалыққа жеткізу. Бұл жағына келгенде журналистердің атқарып отырған жұмысы зор.

Бүгінде жұртшылықты маңызды жаңалықтардан хабардар ететін жергілікті 69 баспа және электрондық БАҚ, оның ішінде 30 газет пен 3 телеарна бар.

Берик Касен