Білім

Петропавлдағы әскери-техникалық мектеп биылғы түлектерін шығарып салды

Олардың арасында Еркебұлан Амантаев та бар. 23 жастағы жігіт Петропавлдағы әскери-техникалық мектепке ел алдындағы асқақ міндетін орындауға Астанадан келіпті. Айтуынша, бәрі ойдағыдай өткен.

Еркебұлан Амантаев – ант қабылдаушы:

– Отан алдындағы борышын өтеу әрбір ер азаматтың міндеті. Осы сәтті абрлығы сезіне білі қажет. Менің әскери қызметім ойдағыдай өтті. Енді елім ораламын.

Бүгін Отан алдындағы азаматтық борышын адалдықпен өткерген 80 жігіт ант қабылдауда. Олар 40 күн бойы Петропавлдағы әскери-техникалық мектепте тиісті оқудан өтіп, қатаң тәртіппен өмір сүрген. Енді қызметтерін аяқтаған ер-жігіттер қатардағы жауынгер атағын иеленіп, әскери билеттерін қолдарына алмақ.

Мақсат Мұқанов – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

– Бұл мектепте негізінен әскери комиссиядан өте алмағандар, уақытша қызметке жарамсыздар оқиды. Олардың барлығы қатаң тәртіпте 40 күн өмір сүреді.

Жалпы биылғы жылы Петропавлдағы әскери-техникалық мектепте 243 ер жігіт Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарған.

 

Риат Шони