МТРА жаңалықтары

СҚО-да жеке сот орындаушыларының саны артады

Айжан Бимақанова – СҚО әділет департаменті жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы:

– 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мемлекеттік сот орындаушылары тек мүлікті тәркілеу, үйге қоныстандыру, үйді құлату және тағы да бірнеше санаттар бойынша атқарушылық құжаттарды жүзеге асыратын болады. Ал істердің қалған түрлері жеке сот орындаушыларына өтеді.

Қазіргі таңда жеке сот орындаушылардың қатары жыл санап артып келеді. Биыл өңірде олардың саны 26-ға жеткен. 18-і Петропавлда, ал 5-уі аудандарда қызмет етуде. Мамандардың айтуынша, қатарға әлі де жеке сот орындаушылары қажет. Айта кету керек, келер жылдан олардың лицензия алулары жеңілдетілмек.

Айжан Бимақанова – СҚО әділет департаменті жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы:

– Жаңа жылдан бастап кемінде екі жыл атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті, құқық қорғау және арнаулы органдарда жұмыс істеген, прокурор, тергеуші лауазымындағы адамдар жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.

Жалпы, биылғы жылдың 10 айында өңіріміздегі жеке сот орындаушыларына 61 млрд теңге соманы құрайтын 14 мыңнан астам іс келіп түскен. Мамандар соның 3 жарым мыңға жуығын орындаған.

Сагыныш Маркашева