МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтарға жаңа еңбек кодексі таныстырылды

Татьяна Кудрявцева – СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

– Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енетін заңда көрсетілгендей, жұмыс беруші қызметкерді қабылдамас бұрын одан жемқорлық фактілеріне қатысы бар-жоқтығын дәлелдейтін анықтаманы сұратуға құқылы.

Татьяна Кудрявцева – СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

 

– Бұрын сынақ мерзімі 3 ай болатын болса, қазір ол 6 айға ұзартылды. Әрі мекеме жетекшісі сынақ мерзіміне қабылданған адамды мерзімінен бұрын босата алады. Кәсіпорын басшысы қиын қаржылық жағдайға тап болса да қарамағындағы еңбеккерлерді қысқартпауға тиісті. Оларды толық емес жұмыс күніне ауыстыру қажет немесе басқа еншілес компанияға жұмысқа ауыстыруға заң аясында рұқсат етілген.

Жаңа заңда белгіленгендей, жұмыс беруші зейнетке шығуына 2 жыл қалған адамды босата аламайы. Және зейнет жасына жеткен адамдар еңбек келісім-шартын жыл сайын ұзарту арқылы бұрынғы кәсіпорнында қалып жұмыс істей бере алады.
Сондай-ақ, енді шамадан тыс көп демалыс, мереке күндері жұмыс істегендерге артық сағаттары бойынша қосымша жалақы төленеді. Тағы барлық тұрғындарға Құрбан айттың 1-ші күні, Рождество мерекесінде демалыс беріледі.

Берик Касен