Құқық қорғау органдары

Қала прокурорлары жер мен үй мәселесіне қатысты біраз заңбұзушылықты анықтады

Алмаз Таев – Петропавл қалалық прокуратурасының бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

– Бүгінде бұл жер телімі мемлекетке қайтарылды. Осы маңнан 1 390 азаматқа жер учаскесін үлестіріп береміз. Осылайша біз жерге кезекете тұрған адамдар санын 24 пайызға төмендетеміз. Тұрғындар мұнда жеке тұрғын үйлер салатын болады.

Бұл биыл қала прокурорлары анықтаған заңбұзушылықтардың бір парасы ғана. Бұдан да сорақысы бар. Мысалы, қадағалаушы орган өкілдері үстіміздегі жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен заңға қайшы біраз олқылықтар тапты.

Гүлназ Бескемпірова- Петропавл қалалық прокуратурасының прокуроры:

– Тексеріс барысында қалалық әкімдіктің балансына берілген үйлер мен жатақханаларда заңсыз бөгде адамдар тұрып келгендігі анықталды. Пәтерлер мен бөлмелерді 3-ші тұлғалар әкімдік өкілдерінің рұқсатынсыз бөгде адамдарға жалға беріп келген. Онымен қоймай пәтер жалдаушылардың мемлекет алдында 6 млн. теңгеге жуық дебиторлық қарызы болды. Бүгінде аталмыш берешек толығымен өтелді. Сондай-ақ, осы жылы пәтерді үлестіріп беруде біраз заңбұзушылықтар тіркелді.

Сондай-ақ, биыл прокурорлар облыс орталығында бірнеше алаяқтық фактілерін тіркеді. Мысалы, бөгде біреу 2-топтағы мүгедекті арбап, оған жатақханадағы бөлмелердің бірін 12 мың АҚШ долларына сатып жіберген. Кейін анықталғандай, бұл іс заңсыз әрі жарымжанға берілген құжат жалған болып шықты. Бүгінде аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

 

Берик Касен