Музыка

Петропавлдағы №1 өнер мектебіне – 70 жыл

Мәселен, дәл қазір сахнада сүйрік саусақтары жүгіріп фортепианода “Хор охотников” шығармасын Никита Мордвенцев орындауда. Дәл қазір оның шығармашылығын тамашалап отырған анасы да осы өнер ошағында білім алыпты. Бүгінде жас фортепианошыларға сабақ береді. Осы себепті де ұлымды музыкаға баулыдым дейді нәзікжанды.

Лиана Добровольская, Петропавл қаласындағы №1 өнер мектебінің аға оқытушысы:

– №1 өнер мектебін 85-ші жылы тәмамдадым. Мектебіміз өнерпаз жастарға толы болатын. Өте қызықты кезеңдер еді. Халық аспаптары бөлімі, би мен ән бөліміне көп түсетін. Ендігі фортепианоға деген махабатымды оқушыларға, балама беріп жүрмін. Өз мектебімде оқытушылық қызметте жүргеніме 6 жылдай уақыт болды.

Ал, дәл қазір сахнада – өнер мектебінің ең жас тәрбиеленушілері. Қыздар орындап жатқан би “Су мен от” деп аталады.

Келесі кезекте өнер ұясының бірқатар ұстаздары облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің құрмет грамоталарына ие болды. Ал, №1 өнер мектебінде 49 жыл ұстаздық етіп, оның 20 жылын директорлық лауазымда өткеріп келе жатқан Владимир Калганов қала әкімінің алғыс хатын алды. “Осы уақыт ішінде аз тер төккен жоқпыз, еңбегіміздің бағаланғанына разымын”,- дейді, азамат.

Владимир Калганов, Петропавл қаласы №1 өнер мектебінің директоры:

– Біздің шәкірттеріміз – қалалық, облыс, республика көлеміндегі байқаулардың лауреаттары. Шет елгдерге шығып та өнер көрсетіп жүр. Жеткен жетістіктері көл-көсір. Ең алғаш 70 жыл бұрын мектеп ашылғанда 7 мұғалім мен 30 тәрбиеленуші ғана болыпты. Бүгін де 220 баланы өнерге баулып отырмыз.

Өнер мектебі қаламызда 1945 жылы желтоқсанның 25 күні ашылған екен. Сол уақыттан бері 3 жарым мың өнерпазды түлеткен.

Акбопе Танирберген