МТРА жаңалықтары

Облыстық әкімдіктің осы жылдағы соңғы отырысы өтті

Бүгіндері аймақта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы 157 кәсіпорынның тек 103-і ғана жұмыс істеп тұр. Ағымдағы жылдың 11 айында облысымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндіруцшілері 67 млрд теңгенің өнімін саудалаған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,6 пайызға аз. Сондықтан теріскейліктер шығаратын өнімдер шетелден ағылатын импорттық тауарларға бәсекелестік туғыза алмай отыр. Әсіресе ресей рубілінің құлдырауы жағдайды одан сайын ушықтырды. Ал бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіргендіктен, мұндайға мүлдем жол берілмеуі тиіс. Сондықтан проблеманы шешуде нақты шаралар қолданылатын болады.

Айдарбек Сапаров-СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

-Осы мәселелерді шешу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу картасына дамудың 5 бағытын айқындап отырмыз. Оның алғашқысы жергілікті өнімдерге сұранысты арттыруды ынталандыру болып отыр. Ол үшін ең алдымен кәсіпорындарды қолдап, сауда нүктелерінде өзіміздің тауарлардың жайғастырылуын қадағалау қажет. Екіншіден, өңірдің ауыл шаруашылығы кешені субъектілерін қаржылай қолдау. Үшіншіден, шикізатқа деген кқолжетімділікті арттыру. Төртінші бағыт, ол аралас салаларды қатар дамыту. Осы ретте кадрларды дайындауға баса назар аударған жөн. Соңғы бағыт ол инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылдады.

Аталмыш карта импорттық өнімдерді алмастыру және өзімізде шығарылатын азық-түлік тағамдарын бәсекеге қабелітті ете түсуге септесетін болады. Бұл бағытта өңірде 2020 жылға дейін 138,5 млрд теңгенің 60 инвестициялық жобасын жүзеге асыру көзделген.

Ерік Сұлтанов-СҚО әкімі:

-Бұл картаның маңызы зор. Сондықтан осы құжатты жетілдіре түсу үшін ұсыныстар енгізіңіздер. Аудан әкімдеріне осы картаны сапалы орындауды назарға алуды тапсырамын. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына оның негізгі бағыттарын жеткізіңіздер. Ауыл шаруашылығы басқармасына осы құжатты орындау барысын мониторингке алып, тоқсан сайын нәтижесін баяндауды тапсырамын. Тағы бұл карта аудандық және облыстық БАҚ көрініс табуы тиіс.

Кейін жиында облыстық Қазақстан хаплқы ассамблеясының жұмысы қорытындыланды.

Наиль Салимов- Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

-Қазақстан залқы ассамблеясының жылы өңірде 3760 іс-шара өтті. Оны тойлауға 500 мыңнан астам адам қатысты. Солтүстікқазақстандықтар 10-нан артық республикалық ауқымды акцияларға қатысты. Ассамблея мүшелері халықаралық конференцияларға да қатысты. Ресейдің Қорған, Омбы және Түмен облыстарында форумдар өткізілді.

Кездесу барысында өңір жетекшісі Түмен облысындағы қазақтар қауымдастығының мүшелеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына-20 жыл» мерекелік төсбелгісін табыстады. Бүгіндері теріскейде 178 этномәдени бірлестік бар. Ассамблеяның ұлтаралық келісімді орнатудағы рөлі зор. Сондықтан аймақ басшысы Ерік Сұлтанов аудан және қала әкімдеріне ассамблея өткізетін шараларға қолдау көрсетуге шақырды. Бұдан соң жиында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдынғы есеп беру кездесулерінің қортындылары жария етілді. 2015 жылы 671 осындай кездесу өтсе, онда 60 мыңға жуық адам қатысқан. Олар 2 мыңға жуық тілек ұсыныс айтыпты. Бүгіндері солардың 93 пайызы шешімін тауыпты.

Ерік Сұлтанов-СҚО әкімі:

-Аудан, қала және басқарма басшыларына бақылауға алынған мәселелерді уақытылы шешуді тапсырамын. Өздеріңіз көріп отырсыздар. Кей аудандар, айталық Тимирязев ауданы есептік кездесулерде жасалған өтініштерді тек 63 пайызға орындаған. Сондықтан кезекті есептік кездесулер басталғанға дейін бұл сауалдарды шешу керек.

Әкімдіктің отырысында білім басқармасының басшысы Шолпан Каринованың есебі де тыңдалды. Білім беру саласында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, оқу нысандарының жағдайы сөз болды.

 

 

Магжан Ахмадина