Туризм

Облыстың туризм саласын көркейтуге жерлестеріміз де ат салысуда

Людмила Гривенная – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің ҚХА кафедрасының меңгерушісі:

-Сайысқа түскен 12 жобаның үздік деген бесеуін таңдап алдық. Бұл жұмыстарды туризм саласын жақсы білетін мамандар бағалады. Баршаңызға белгілі, Солтүстік Қазақстан жері шетелдік туристерді әсем табиғатымен қызықтырады. Алайда көп жағдайда саяхатшылар осындай орындарға апаратын жолдарды білмей, адасып жатады. Біз осы олқылықты жоюға тырыстық .

«Қонақжай Петропавл» аталымында көптің арасынан Айымгүл Ғаббасованың жоба-байқауы қазылар алқасының жоғары бағасын алған. Нәзікжандының жобасында Петропавлдағы сан-алуан ескерткіштер мен демалыс орындарына жылдам жету жолдары көрсетілген.

Айымгүл Ғаббасова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Біздің жолсерікте қала қонақтары мен жергілікті тұрғындарға бағдар беру. Себебі қазіргі жаңа технологиялар дамыған заманда ақпарат табу қиын болса да, бірақ нақты ақпараттар жоқ. Сол себептен біз бірігіп ыңғайлы жолсерік жасауды ұйғардық.

Айта кету керек, ұйымдастырушылар болашақта үздік жобаларды іске асыру бағытында демеушілер тауып, келіссөздер жүргізбекші.

 

 

Бакыт Садуакасов