ТЖ

Мереке күндері өңір құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істемек

Осы бағытта алдын алу шараларына білек сыбана кіріскен өңір құтқарушылары қыруар жұмыс атқарып үлгеріпті. Қауіпсіздік ережесі сақталмаса өрт пиротехникалық заттардан да шығуы мүмкін. Аталмыш тауарды заңсыз саудалауды тыю үшін төтенше жағдайлар департементінің мамандары мен тәртіп сақшылары бірігіп 22 рейд жүргізген. Нәтижесінде 40-тан астам пиротехникалық зат тәркіленген.

Денис Шуваев – СҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының уақытша мінтетін атқарушы:

-Адамдар көп шоғырланатын жерлер ерекше бақылауға алынған. Жергілікті атқарушы билік өкілдерімен жаңа жыл мерекесін тойлауда қытыстырылатын 750 нысанның тізімі құрылды. Оның ішінде 552-і білім, 7-уі денсаулық сақтау, 51-і мәдениет үйлері, 2-уі қарттар үйі, 6-уы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интернат және тағы да басқа ғимараттар. Бүгінде 225 жерде 1227 адамға өрт қауіпсіздігі жайлы түсіндіру шаралары жүргізілді.

Бірнеше күндерден кейін мектеп оқушылары қысқы демалысқа шығады. Осы уақытта интернаттарда тұратын жасөспірімдер үйлеріне қайтпақ. Ал қысы қытымыр аязда бала түгіл үлкен кісінің далада жүруі қиын. Бұл ретте мереке қарсаңында өңірдің барлық жолдары бақылауға алынуда. Биылдың өзінде ауа райының бұзылуына байланысты мамандарға жол-көлік қозғалысын 6 рет уақытша тоқтатуға тура келген.

Асхат Бакишев – СҚО ТЖД бөлім бастығы:

-2015-ші жылы қыс мезгілі басталғалы көліктер 7 рет қар құрсауында қалды. Сондай-ақ, 30 рет көктайғаққа байланысты автомобильдердің қозғалысы тоқтатылды. Өткен жылы қар құрсауында темір тұлпарлар 182 рет қалды. 2 мыңға жуық адам мен 960 техникаға көмек көрсетілді.

Құтқарушыларды қыста әлекке салатындардың бірі – балық аулаушылар. Себебі, олардың көбі мұздың қалыңдығын өлшеместен , өз ермегімен айналыса береді. Бұның арты соқпақты. Мәселен, үстіміздегі жылы Есіл ауданының тұрғыны қармақ салып жүрген жерінен суға кеткен.

Виктор Держанский – СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің бастығы:

-Осы жылы көлдердің бетінде мұз енді қатып келе жатқан кезде 1949 жылы туылған Есіл ауданының азаматы Кіндікті көліне балық аулауға шыққан. Қалыңдығын тексермегендіктен мұз ойылып, ер азамат суға кеткен. Қазіргі таңда осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында күнделікті рейдттік шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар мұздың қалыңдығы тексеріліп тұрады, қазір ол 25-30 см.

Жалпы статистикаға сүйенетін болсақ соңғы бес жылда дәл Жаңа жыл мерекесінде өңірде бір ғана өрт оқиғасы тіркелген. Бірақ, сақтықта қорлық жоқ.
Ал, үстіміздегі жылдың 1-ші қаңтарында пиротехниканың салдарынан бір үй отқа оранған.

 

 

Риат Шони