Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларына көлікті экстремалды жүргізуден шеберлік сыныбы ұйымдастырылды

Айдын Байматов – СҚО ІІД ӘПБ бастығының орынбасары:

-Біз арнайы шеберлік сыныбын өткізу үшін Ресейден маманды шақырттық. Ол біздің қызметкерлермен жұмыс жасауда.

Автомобиль спортынан Қазақстан және Ресейдің спорт шебері, жоғары дәрежедегі төреші Виктор Саблин мұндай оқытуды “экстремалды жүргізу мектебі” дейді. Бүгін ол солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларына шеберлік сыныбын өткізуде. Олар көлікпен аңду, ілесіп жүру мен қылмыскерді қууды меңгеруде.

Виктор Саблин – автомобиль спортынан ҚР мен РФ спорт шебері, жоғары дәрежедегі төреші:

-Мен бұндай сабақтарды 8 жыл бойы өткізіп келемін. Оқыту мұз үстінде жүргізіледі. Дөңгелектер тікенекті болғанымен, мұндай жолды бағындыру өте қиын.

Жалпы оқу соңында бірінші орынды Жанат Баймұханбетов иеленді. Екіншіні орынды Руслан Макенов еншілесе, үздік үштікті Руслан Мадиев тұйықтады.

 

 

Риат Шони