Денсаулық сақтау

СҚО-да тұмау ауруына шалдыққандар тіркелген жоқ

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

-1 қазаннан бүгінгі күнге дейінгі аралықты былтырғы жылмен салыстырсақ, вирус жұқтыру деңгейі 1,48 пайызға төмендеген. Бүгінгі күнге дейін түрлі тұмау алды вирустарын жұқтырып келген өңір тұрғындары көп. Олардың дені -петропавлдықтар. Ал тұмау ауруының өзі әзірге тіркелген жоқ. Сырқаттар көбіне жедел респираторлық вирус пен тұмауды шатастырып жатады.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Кейбір жерлестеріміз осы ұғымды естен шығармаса керек күннің суығына қарамай спортпен айналысып, салуатты өмір салтын ұстануда. Олар түрлі вирустардан осылай қорғануды жөн санайды.

-Биыл сырқаттанған жоқпын. Бұрын ауырсам дәрі ішіп, төсектен тұрмайтынмын. Енді мына темір құрылғыларға келіп күнделікті жаттығып тұруды әдетке айналдырдым.

-Ептеп тұмаудың белгісі білінгендей болған. Тез жазылып кеттім. Күнде 3 км жаяу жүремін. Соның нәтижесі болар.

Биыл облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 50 мың солтүстікқазақстандық тұмау жұқтырмас үшін алдын ала екпе жасатқан. Мамандар тұмау нағыз белең алатын уақыт қаңтар айының соңы мен ақпанның басы деп отыр.

 

Акбопе Танирберген