Балалар

Жаңа жылға дайындық шаралары жүріп жатыр

Ирина Налобина- Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының мұғалімі:

 

-Бұл көйлекті біз бір ай бұрын жасай бастадық. «Қазақ хандығына-550 жыл» деп аталатын киім үлгісін әзірлеуге 10 метр материал тағы 30 метр болатын 5 түрлі таспа жұмсалды. Әшекей бұйымдарын қосыңыз. Жалпы әдемі көйлек болады. Мұнда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған элементтер бар. Енді бас киімін әзірлесек болды.

5 сынып оқушысы шыршаға баратын күнді асыға күтуде. Киім ауыр болса да, Нажия Максимова оны тезірек киюді армандайды.

Нажия Максимова- Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

-Мен жаңа жыл мерекесін жақсы көремін. Көптеген сыйлықтар болады. Ал осы мейрамда белсенді оқушы ретінде Президенттік шыршаға қатысамын. Сондықтан мен үшін оындай киім дайындалып жатқаны қуанышты. Көйлек өте әдемі. Жеңіске жететініме сенімдімін.

Бұл оқу ошағынан тағы бір бала Президенттік шыршаға қатысады. Айта кету керек, соңғы жылдары аталмыш білім ордасы киім үлгілері байқауында үнемі 1-ші орындардан көрінеді екен. Жалпы биылғы Президенттік шыршаға 9 бен 13 жас аралығындағы өңіріміздің 200 оқушысы қатыспақ. Бүгінгі күні ауқымды жиынға дайындық шаралары басталып кетті. Вокалдық топтар мен бишілеріміз, орыс және қазақ театрларының әртістері балалардың көңілінен шығатын кеш әзірлеуде.

Президенттік шыршаға қатысатын әр балаға сыйлықтар әзірленген. Бірақ бұл әзірге құпия болып қалып отыр.

 

Магжан Ахмадина