МТРА жаңалықтары

Студенттермен зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау жөнінде дәріс өтті

Людмила Фельк – облыстық тарихи-өлкетану мұражайының табиғат бөлімінің меңгерушісі:

 

-Мұражайлық сабақта біздер жасөспірімдерге слайд арқылы денсаулықты бұзатын әдеттерді көрсетеміз. Сабақта есірткі пайдалану, шылым шегу мен маскүнемдіктің ағзаға тигізер кері әсерлері жайлы баяндап, жыныстық қатынстардан тарайтын дерттер жайлы сөз етеміз. Жалпы бұл кездесу салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталып отыр.

Тағылымы мол сабақта қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы жұғатын түрлі инфекциялар туралы да айтылды. Әсіресе 21-ші ғасыр кеселіне айналған “адамның иммунитет тапшылығы вирусы” мен “жұқтырылған иммунитет тапшылығы синдромынан” әлемде күн сайын жүздеген тұрғын өмірінен қош айтысуда. Студенттер бұл дәрістен үлкен әсер алды.

Илья Масенко:

-Мен бойымды зиянды әдеттерден аулақ ұстаймын. Арақ пен есірткінің зиянды тұстары жайында ең алғаш мектепте оқыған кезімде естігенмін.

Екатерина Курочкина:

-Бүгінгі естіген-көрген ақпараттар маған таңсық емес. Білгенім өзіме жақсы. Үйде ата-анам да нашақорлық пен ащы судың зардаптарын айтып отырады.

Жалпы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұжымы ағымдағы жылы студенттермен аталған тақырыпта 26 кездесу өткізген.

 

Бакыт Садуакасов